Табиғат қорғау практикалық қызметі – оқушылардың экологиялық білім алуының маңызды нысаны – олардың экологиялық қызметке практикалық қатысуы. Орталық базасында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу- педагогикалық, шығармашылық қызметте әртүрлі әлеуметтік топтарды біріктіру және әлеуметтік серіктестікті дамытудың тиімді құралы болып табылады. Экологиялық іс – шаралар  қандай болмасын оқушылардың  патриотизмі мен азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеу үрдісінде айрықша қызықтыратын нысан болып табылады, себебі баланың сана-сезімінің    және  азаматтық жауапкершілігіне,  баланың жеке басының зияткерлік эмоционалды,  барлық салаларына әсер ететін ең тартымды нысаны. Іс шаралар табиғатта әртүрлі тәжірибелік әлеуметтік – маңызы бар іс-әрекеттерді  (қоршаған ортаның жай-күйін және оның құрамдастарын зерттеу, ландшафтты күту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу) тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта белгілі бір аумақтың қоршаған ортаның жай-күйін жүйелі түрде бақылау, оқушылармен жасампаздық әрекеттердің практикалық тәжірибесіне ие болу өте маңызды. Орталық оқушыларының табиғатты қорғау іс-шараларын ұйымдастырулары кезде  осы және басқа да жұмыс түрлері қолданылады.

Күз-қыс мезгілдерінде біздің орталықта 12 қарашада басталып, бес ай ішінде 15 наурызға дейін жалғасатын Семей қаласында  қыстап  қалатын  құстарға көмек көрсету бойынша «Құстар үшін дәнді де, нан қиқымын да аямайық» атты экологиялық – табиғатты  қорғау  акциялары өткізіледі. Бұл іс- шара оқушыларға  қыстың  қаһарында қыстайтын құстарды сақтап қалудың маңыздылығын; олардың табиғатты қорғау бойынша тәжірибелерінің қалыптасуы мақсатында өткізіледі. Акция аясында: қыстайтын құстарды күнделікті қоректендіру; құстарға фенологиялық бақылау жасау; құстардың саны мен түрлерін есепке алу; конкурстар: құстарды азықтандыратын  ең үздік астау, құстар туралы  суреттер, тақпақтар, әңгімелер, бейнероликтер, қыстап қалатын  құстардың түрлеріне тұсаукесер-таныстыру (презентация) ұйымдастырылады. Ай сайын осы акцияның аралық қорытындылары жасалып, оның барысында орталықтың тәрбиеленушілері құстардың түрлері, олардың мінез-құлықтары, жемнің ұнаған қолайлысы туралы әңгімелейді. Акцияның қорытындылары бойынша  «Біздің қыстап қалатын құстар» атты буклеттер, «Қыстап қалатын құстардың мінез-құлықтары» атты бейнесюжеттер жиынтығы,  фотосуреттер, тұсаукесер-таныстырулар (презентациялар) дайындалады.

Күз,  жаз және көктем мезгілдерінде орталық аумағын тазалау және жинау бойынша Полковничий аралында «Жасыл патруль» экологиялық акциялары өткізіледі. Акция кезінде жас натуралистер Полковничий аралын жапырақтардан, қоқыстардан тазалайды. Тазалық жүргізу барысында  дауыс үдеткіш құралдарын пайдаланып, барлығын  алаңды  таза  ұстауға және қоқыс тастамауға  шақырып, тазалық жұмыстары кезінде көтеріңкі көңіл күйде болуға ықпал жасайды.

Мерекелер, көрмелер, тақырыптық күндер –   нақты бір баланың сезімдеріне қаратпаны, әр баланың белсенділігін арттыруда орталықтың педагогтары экологиялық іс-шараларды: «Біз өз қарауымыздағы жануарлар үшін жауаптымыз», «Біз асыраған жануарлар» атты үй жануарларының көрмелері, «Аю күні», «2017 жыл Құсы», «Сарышымшық күні», «Құстар күні», «Гүлдер күні», «Алмалар күні» атты мерекелік іс – шаралар өткізіліп отырады.

Табиғат шеберханасы – балалардың шығармашылықтарын, жеке қабілеттерін, табиғат объектілеріне танымдық қызығушылықтарын дамыту  балалардың қызығушылықтары бойынша мектеп демалыстары күндерінде  «Табиғат фантазиясы», «Табиғат үйретеді, біз жаратамыз», «Табиғат шеберханасы» атты табиғат шеберханаларында жұмыстарды ұйымдастырып өткізу арқылы іске асырылады.

Жыл бойы  орталықта тәрбиеленуші балалар, ағаш қабықтарынан, емен жаңғағынан, жапырақтардан, құрғақ гүлдерден, бұтақтардан, табиғи материалдардан өз туындыларын жасайды. Жасалған жұмыстарын көрмеге қойып, оны әділқазылар алқаларымен қорытындылары шығарылады.

Назар салыңыз! 2020 оқу жылына конкурстарға, акцияларға және іс-шараларға қатысуға шақырамыз!